Қазақстанда 15,5 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді

Елімізде 15 мың 500-ден  астам шетел азаматы жұмыс істейді. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Елімізге негізінен Қытай, Үндістан, Түркия және Өзбекстаннан жұмысшылар көп келеді. Олардың көбі құрылыс саласында. Бұл секторда қазір 6 мың 139 шетел азаматы еңбек етуде. Ал тау- кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу ісінде 1 мың 489 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1 мың 256 және кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 1 мың 158 адам нәпақа тауып отыр. Қазіргі таңда шетелден жұмыс күшін тарту үшін тиісті рұқсат беріледі. Олардың қатарында басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 594 квота, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері үшін 3 мың 901 рұқсат берілсе, қарапайым мамандар мен білікті жұмысшылар санаттарында 8 мың 894 және 911 адам бар. Айта кеткен жөн, биыл министрлік бұндай квоталардың санын 28 мың 352-ден 23 мың 560-қа дейін қысқартқан. Жалпы елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 мың 748 кәсіпорын бар. Оларда 400 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-і.

ГРАФИКА1 

ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІ

15 МЫҢ 524 ШЕТЕЛДІК

ҚЫТАЙ – 3 МЫҢ 576 АДАМ

ҮНДІСТАН – 1 МЫҢ 740 АДАМ

ТҮРКИЯ – 1 МЫҢ 701 АДАМ

ӨЗБЕКСТАН – 1 МЫҢ 535 АДАМ

ҰЛЫБРИТАНИЯ – 1 МЫҢ 127 АДАМ

 

ГРАФИКА 2

ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ – 6 МЫҢ 139 АДАМ

ТАУ–КЕН ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ КАРЬЕРЛЕРДІ ҚАЗУ – 1 МЫҢ 489 АДАМ

АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 1 МЫҢ 256 АДАМ

КӘСІБИ, ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ – 1 МЫҢ 158 АДАМ

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ – 1 МЫҢ 154 АДАМ

 

ГРАФИКА3

КВОТА САНЫ

 

І САНАТ - 594 АДАМ

ІІ САНАТ - 3 МЫҢ 901 АДАМ

ІІІ САНАТ - 8 МЫҢ 894 АДАМ

ІV САНАТ - 911 АДАМ

 

ГРАФИКА4

КӘСІПОРЫНДАР САНЫ

1 МЫҢ 748 КӘСІПОРЫН

400 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

96%