Еліміздегі криптовалюта нарығы толығымен бақылауда болады

Енді еліміздегі криптонарық толығымен құзырлы органдардың бақылауында болады. Тиісінше қылмыстық жолмен алынған кірістерді және терроризмді қаржыландыруға арналған виртуалды активтерді дер кезінде бұғаттауға мүмкіндік туды.

Қаржылық мониторингі агенттігі "Байнанс" криптобиржасымен ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім бойынша тараптар елдегі виртуалды активтер нарығын қауіпсіз дамытуға да уағдаласты. Сондай-ақ ақпарат алмасып, қылмыскерлерді анықтауға арналған тәжірибелерімен де бөліспек. Агенттік өкілдерінің мәліметінше, соңғы уақытта елдегі криптовалюта бағытында жасалатын қылмыс көбейген. Киберқылмыскерлер айла-тәсілдің түрлі амалын тауып жатыр.

Кенесары Бағбанұлы, ҚР ҚМО Тергеу департаменті басшысының орынбасары:

- Криптоактивтерді тоқтата аламыз, бұғаттай аламыз. Болашақта сот үкімімен ба, басқа да құзырлы огандардың қаулысымен ба оны мемлекетке тәркілей аламыз. Бұл бинанс компаниясы әлемдегі бірінші компания.