Астанада дәстүрлі халықаралық инвесторлар апталығы басталды

Елордада дәстүрлі халықаралық инвесторлар апталығы басталды.

Биылғы форум «Тұрақты инвестициялау» тақырыбына арналып отыр. «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында жаһандық деңгейде танылған мамандар өздерінің тәжірибелерімен бөліседі. Сарапшылар қаржылық сауаттылық, алаяқтықтың алдын алу және осы саладағы инновациялар туралы түсіндіріп, кеңес береді. Форумға әлемнің 65 елінен 1500-дей компания қатысады деп күтілуде. Жалпы шараға кез келген адамға қатысуға мүмкіндік жасалған.

Исхак Берни, АХҚО комитетінің құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры:

- Тұрақты және тәжірибелі инвесторлар сау экономиканың негізі. Өйткені олар қаржылық тәуекелдің не екенін түсінеді. Қаржылық ауытқуларға қарсы тұра алады және тұрақты бизнесті құра алады. Инвесторларды қорғау Астана халықаралық қаржы орталығы үшін маңызды. Біздің мақсатымыз әділ және ашық қаржылық капитал нарығы бар орта қалыптастыру. Сондай ортада жеке тұлғалар мен кәсіпорындар ынтымақтаса жұмыс істей алады.