Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімді 26 қазанда жариялайтын болды

Бұған дейін базалық мөлшерлеме 4 рет өзгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Соңғы рет қыркүйек айында базалық ставканы 14,5% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылданды. Банктердің қарапайым халық пен бизнеске беретін кредиттерінің процентін белгілеуде базалық ставканың рөлі зор. Қаржы ұйымдары  базалық ставканың үстіне тағы процент қосып, өздерінің кредит мөлшерлемесін бекітеді.