Грузия Қазақстаннан алғаш рет күнбағыс майын алды

Грузия өз тарихында екінші рет Қазақстаннан күнбағыс майын сатып алды.

Бұрын оны Украина мен Ресейден жеткізетін. Алайда күрделі геосаяси ахуалға байланысты биыл қазақстандық өндірушілерге бет бұрды.

Грузия алғаш рет Қазақстаннан күнбағыс майын осыдан сегіз жыл бұрын сатып алған еді. Ал биыл өзара сауда тағы жанданып, грузиндер қазақ елінен 300 тоннадан астам май импорттады.

Гогита Тодрадзе, Грузия ұлттық статистика қызметінің атқарушы директоры: 

- Статистикалық мәліметке сәйкес, 2022 жылдың алғашқы 9 айында Грузияның Қазақстанмен жасаған импорт мөлшері былтырғымен салыстырғанда 75 процентке өсіп, 24 миллион доллардан асты. 

Сұйық маймен қатар тыңайтқыштар, бидай секілді кейбір қазақстандық тауарлардың да импорты артты. Алайда Грузия нарығы үлкен емес, сондықтан қазақ өндірушілері оған аса қызықпайды. 

Георгий Джахуташвили, Қазақстан Республикасының Грузиядағы құрметті консулы:

- Біз қазақстандық экспорттық өнімдер үшін келешегі бар бүкіл бағытты терең зерттеудеміз. Сонда көргеніміз, қазақстандық компаниялар Грузияны өз өнімін әрі қарай батыс пен шығыс нарығына экспорттауға болатын мүмкіндік ретінде қарастыруы керек. Грузия Қазақстан үшін нарықтан гөрі логистикалық мүмкіндік. 

Грузия нарығында қазақстандық тауарлар үлкен сұранысқа ие, сондықтан импорт көлемі өсіп келеді. Жергілікті мамандар сонымен қатар логисткалық байланыстарды нығайтып, ауқымын кеңейтуді ұсынып отыр. Грузия Еуроодақпен еркін сауда келісімін жасасқан болатын. Яғни бұл ел арқылы еуропалық нарыққа да шығуға болады.

Юлия Тужилкина