Мемлекеттен жымқырылған 50 млрд теңге Қаржы министрлігінің арнайы шотына түсті

Жымқырылған мемлекет қаражатының 50 миллиард теңгесі Қаржы министрлігінің арнайы шотына түсті.

Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді. Жуырда оның көлемі 100 млрд теңгеге дейін ұлғаймақ. Аталмыш қаражат есебінен мектеп тапшылығы бар өңірлерде жаңа білім ордалары салына бастайды. Әсіресе үш ауысыммен оқитын немесе апатты жағдайдағы мектептерге басымдық беріледі.

Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысы жемқорлардың ақшасына білім ордаларын салуды тапсырған болатын. Биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджетке 1 триллион теңгені қайтаруды көздеп отыр.