Германия Қазақстан экономикасына 5,5 миллиард еуро бөлді

Германия Қазақстанмен ынтымақтастық орнатқаннан бері біздің елдің экономикасына 5,5 миллиард еуро бөлді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Германия мұнымен шектеліп қалмақ емес. Еліміздің Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер мнистрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Берлинде танымал неміс кәспкерлерімен кездесті. Олардың арасында машина жасау, құрылыс материалдары шығаратын компаниялар бар. Мысалы, Кнауф құрылыс алпауыты Жамбыл облысында гипсокартон шығаратын жаңа зауыт ашуды жоспарлап отыр. Ал әлмде тамақ өнімдеріне түрлі қаптама дайындайытн бірлестік кәсібін кеңейтуді көздеп отыр. Жалпы қазір Германиямен 48 жоба қарастырылып жатыр.

Грегор Томалла,  «Multivac» компаниясының ТМД елдерімен операциялар бойынша вице-президенті:

- Қазір Қазақстанның барлық аймағында жұмыс істеп жатырмыз. Егер сіз дүкенде шұжық пен ірімшік алатын болсаңыз біздің өнімімізбен таныс болуыңыз керек. Себебі оларды қаптау үшін біздің орамдарды қолданады. Кәсібімізді одан әрі кеңейтуге ниеттіміз. Мәселеге қатысты келіссөз жемісті өтті. Осымен қатар  сіздің елде құрал жабдықтарымыздың бөлшектерін шығаратын өндіріс орынын ашуды жоспарлап отырмыз.

Ардақ Зебешев, ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы:

- Инвестицияның 90%-і өндіруші салаға бағытталған. Біз де осыған басымдық береміз. Соның ішінде ең ірі жоба туралы бәрі біледі. Бұл жасыл сутекті шығарумен айналысатын «Svevind» компаниясы. Кездесуде нақты жобаларды талқыладық.