Азаматтар өзін 3 жолмен банкрот деп жариялай алады

Ел азаматтары өздерін 3 тәсіл арқылы банкрот етіп жариялай алады.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарызы 4 миллион 900 мың теңгеден аспағандар соттан тыс банкроттықты пайдалануға құқылы. Ол үшін борышкердің ресми кірісі болмауы шарт. Ал, қарызы 5 миллионнан асып кеткендер сот арқылы банкрот бола алады. Олардың мүлкі сауда алаңдарында сатылады. Қалған жұртқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіріп, берешегін 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі, деді министр Ерұлан Жамаубаев.