«Қорғас» бекетінің жұмысы қайта жанданды
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Қорғас» бекетінің жұмысы қайта жанданды.
Алғашқы жұмыс күнінде көрші елден 100-ден аса адам өтті. Бұл екі ел арасындағы ең үлкен шекара бекеті. Ол Қытайда ковидке қарсы шектеулер алынып тасталған соң ашылды. Енді жолаушылар тек соңғы 48 сағатта тапсырған ПТР-тестті көрсетсе жеткілікті. Шекарадан негізінен туған-туыс, дос-жарандарымен кездесіп, іскери келіссөздер жүргізуді мақсат еткен адамдар өтіп жатыр. Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні Қытай коронавирус эпидемиясына қатысты қатаң шектеулерді жеңілдетіп, карантинді алып тастаған болатын.