Қазақстаннан шетелге былтыр триллион теңге ақша аударылды
Өткен жылдың 11 айында қазақстандықтар шетелге триллион теңгеге жуық ақша аударды.
Бұл ретте қаражаттың жартысынан көбі Өзбекстан мен Түркияға жіберілген. Ранкинг.кз сайтының мәліметі бойынша көшбасшылардың бестігіне Ресей, Қырғызстан және Грузия кірді. Қазақстаннан жеке тұлға 300 млрд теңгеден астам қаражат аударды. 2021 жылмен салыстырғанда бір аударымның орташа чегі 30 мың теңгеге артты. Ол шамамен 420 мың теңгені құрайды.