Шетелдік бизнесмендер Қазақстан бюджетіне 4 млрд теңге қарыз

Шетелдік бизнесмендер Қазақстан бюджетіне 4 млрд теңгеден астам қарыз.

Кәсіпкерлер елімізде өз компанияларын тіркегеннен кейін кетіп қалады. Бірақ, фирмаларын жалған шот-фактуралар жазу, салық төлеуден жалтару және қаржыны көлеңкелі айналымға шығару үшін пайдаланады. Бұл жөнінде сенатор Андрей Лукин атап, өзінің депутаттық сауалын премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа жолдады. Жоғары палата өкілі Үкіметтен бизнес-иммигранттарға салық салу және көші-қон мәселелері бойынша ведомстволық бақылауды күшейтіп, тиісті аудит жүргізуді талап етті. Себебі, қазір халыққа қызмет көрсету орталығы шетелдік кәсіпкерлерді бизнес-иммигрант визасы болмаса да, тіркеп жатқан көрінеді.

Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бизнес-иммигранттардың визасыз 198 компаниясында 4 млрд. теңге берешегі бар. 1,5 мыңнан астам компания тіркеу орнында жоқ және 2 мыңға жуық фирма жұмыс істемейді. Бұл толық дерек емес. Мемлекеттік кірістер органдары заңды тұлғаны құру кезінде заңнамалық бұзушылықтарға жол беруіне байланысты оны тарату жолымен талап қоюға құқылы. Заңды тұлғаны құрған шетелдіктің бизнес-иммигрант визасын алмауы осындай бұзушылықтың бірі болып табылады.