JD.com алаңында еліміздің ұлттық павильоны ашылды
JD.сom электронды коммерция алаңында Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық павильонды салтанатты түрде ашып, бизнесті онлайн-кеңістік арқылы жүргізу әлем экономикасының маңызды бағытына айналғанын айтты. Қазір электронды сауда нарығының көлемі 3,5 триллион долларға жетті. Бұл үдеріс жыл сайын артып келеді. Халықаралық онлайн сауда-саттықты дамыту ісінде Қытай өте маңызды рөл атқарады. Электронды коммерция алаңында ашылған Ұлттық павильон арқылы екі елдің алыс-берісі жандана түспек. Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 31 миллиард долларға жетті. Екіжақты сауда айналымын жақын арада 40 миллиард долларға жеткізу көзделіп отыр.