Экономиканы демонополизация ету отырысы өтті

Елордада Премьер-министр Әлихан Смайылов және бірқатар ведомство басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиында «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 50 процент үлесін, «Атырау мұнай өңдеу» зауытына беру жұмыстары аяқталды.  Үкмет басшысы, кәсіпорынның қалыпты режимде жұмысын қамтамасыз етуді, жауаптыларға жүктеді.

Динара Әлімова, ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы:

- Отырыста «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» компаниясының 50 пайыздың үлесін Атырау мұнай өңдеу зауытына беру аяқталғаны айтылды. Мұндай тапсырманы комиссия осыған дейін берген болатын. Қазіргі таңда тиісті  сот шешімі заңды күшіне енді.