Қазақстан Таяу Шығыс пен ислам елдерінен инвестиция тартуды арттырады

Қазақстан үкіметі Таяу Шығыс пен Ислам елдерінен, инвестиция тартуды арттырады.

Осы мақсатта елімізде шариғат қағидаларына сай "су-кук" сертификатын қолдануды, одан әрі дамыту көзделіп отыр. Бүгін Астанада Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен "Ауыл шаруашылығы үшін Су-кук" семинары өтті. Шараға Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры, еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі және шетелдік сарапшылар қатысты. Кездесуде су-кукты еліміздің ауыл шаруашылығында қолдану жолдары қарастырылды. Мұндай қаржы қорлары қазір Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия және Ұлыбританияда тиімді жұмыс істеп тұр.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Шарада негізі бізде ауыл шаруашылығы кешенінде ислам қаржы жүйесінің ивестициясын тарту маңыздылығы айтып жатыр. Біздің ең алғашқы мақсатымыз ол мынау шетелдік инвестицияларды біздің ауыл шаруашылықта агро өнеркәсіп кешеніндегі терең өңдеу секторына алып келу. Шикізатты ғана шығару ғана емес оны терең өңдеп шетелдік нарықтарға шығару. 

Ерлан Байдәулет, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры:

- Елімізде сукук құнды қағаздарын инвестиция ретінде тарту жемісті жүзеге асырылып жатыр. Осы айдың бас кезінде алғаш рет лизингтік операцияларды дамытуға 2 миллиард тенге сукук сертификаты шығарылды. Бұл осы құнды қағаздың ұлттық валютада алғаш шығарылуы.