Алматылық оқушы өз рецепті бойынша лимонад жасап сатады

Алматылық оқушы өзінің жеке рецепті бойынша лимонад дайындайды.

9 жасар Байсал Есенбай бос уақытында салқын сусын әзірлеп, ауласы мен Терренкур өзенінің жағасында сатады. Ол тек табиғи өнімдерді қолданады. Тәтті сусынды дайындауға бір күні кетеді екен. Байсалға лимонад жасау туралы ой кенеттен келген. Кейін ата-анасы азық-түлікті қайдан алу керек, қанша қаражат жұмсаған жөн, олардың өзіндік құнын есептеуді үйретеді. Қазір ата-анасы сусын дайындауға көмектессе, әпкесі әлеуметтік парақшасын жүргізуге жәрдемдеседі.  

Байсал Есенбай, кішкентай кәсіпкер:

- Өнімнің барлығы пастерленеді. Бір қайнатып аламын. Содан соң суығанын күтемін. Әбден салқындағаннан кейін ыдысқа құйып, тоңазытқышқа бір күнге қоямын. Келесі күні әбден тұндырып сүзгінің көмегімен сүзіп аламын. Жарты литрлік және 300 миллилитрлік ыдысқа құйып сатамын.