Сарапшылар Қазақстан логистикасын дамыту жоспарын жоғары бағалады
Сарапшылар Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жоспарын жоғары бағалап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің теміржол бөлігін кезең-кезеңімен ұлғайтуды тапсырды. Бұл елімізге Парсы шығанағы порттарына шығуға жол ашады. Сондай-ақ Болашақ-Челябинск теміржол торабындағы Қазақстан учаскесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы көлік-логистика әлеуетін толық жүзеге асыру Қазақстан үшін стратегиялық тұрғыдан өте маңызды екенін атап өтті.
Дмитрий Журавлёв, Аймақтық мәселелер институтының бас директоры:
- Логистиканың Қазақстан үшін маңызы зор. Өйткені сіздердің елдеріңіз Азияның қақ ортасында орналасқан. «Шығыс-Батыс», «Солтүстік-Оңтүстік» сияқты барлық маңызды дәліздер сіздердің аймақтарыңыздан өтетін болады. Қазірдің өзінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, БРИКС, Оңтүстік-Солтүстік ұйымдары өзара ықпалдасып, белсенді әрекет етіп жатқан өңір. Мәселе саясатта ғана емес. Қазақстан мұнайға бай Азияның орталығына айналуында.