Сарапшы: Қазақстанның IT саладағы әлеуеті зор

Қазақстанның Ай-Ти саладағы әлеуеті жоғары.

Қысқа уақытта экспорт көлемінің бес есе артуы осы сөзіміздің дәлелі, дейді мамандар. Мемлекет басшысы жыл аяқталғанша көрсеткішті 500 млн долларға жеткізуді тапсырды.     

Рүстем Биғари, цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры:

- Осыдан екі жыл бұрын президент айти саладағы экспорт көлемін 100 млн долларға жеткізуді тапсырған еді. Ол кезде бұл бір орындалмайтын істей көрінгені рас. Алайда біз межені уақытынан бұрын еңсердік. Сондықтан  Жолдауда Мемлекет басшысы белгілеген мақсат жуық арада  жүзеге асады деп нық сеніммен айта аламын. Қазақстның халықаралық айти аренада беделі бар. Жуырда Тәжікстан президентінің Қазақстанға сапарлап келуі де осыны аңғартады. Көршілес елдер цифрлық үкімет құру бойынша біздің елден көмек сұрап отыр.