Тұтынушылық несие көбейді
Елде жыл басынан бері тұтынушылық несие көлемі 16,5 пайызға артқан.
Президент биылғы Жолдауында ахуалды түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, халықтың қаржылық сауатын арттыру маңызды. Бұл тұрғыда "Қарызсыз қоғам" жобасының берері көп.
Блиц:
- Үйдегілердің көлігі, ата-анамыз алып берген. Қарызды олар өздері жауып жатыр. Ал біз телефон – ары кетсе,
- Айналамдағылардың 98 пайызы кредит алады ғой, 750 мыңға iPhon алдым.
- Тоңазытқыш бар, телевизор бар, біздің банктерде процент үлкен амал жоқ аламыз.
Иә, кредитсіз адамды кездестіру қиын қазір. Ресми дерекке сүйенсек: елде 7 млн 283 адамда несие бар. Бас-аяғы 15 трлн теңге қарызбыз. Соның ішінде тұтынушылық несие жыл ішінде 16 жарым пайызға артып отыр – биыл ол 9 трлн теңгеге жетті.
Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл халықтың несиеге әуестеніп кеткеніне алаңдайды.
Еркін Әбіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Көп жағдайда банктік ұйымдар, микроқаржылық ұйымдар қандай мүмкіндік бар екенін айтпайды халыққа. Кредитті өтеудің рестроктуризация жолы, сондай түсінік бермейді. Олардың құзыретіне кірмейді дейді кейбір кезде. Келісімнің ерекшеліктерін көрсетпейді. Осының бәрін халыққа түсіндіру керек, қандай мүмкіндігім бар, қандай құқым бар соның бәрін түсіндіруіміз керек.
«Қарызсыз қоғам»: 20 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырды
Халықты қарыз қамытынан құтқаруға қазір билік те құлықты. Алғаш болып «Аманат» партиясы іске кірісті. 8 өңірде «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алды. Соның нәтижесінде 6 айда 20 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырды. Тіпті банкке берешегі көп кейбіріне құқықтық кеңес те берілген. Алайда «Қарызсыз қоғам» - әзірге партиялық бастама. Енді оны ұлттық жобаға айналдыру мәселесі тұр, дейді депутат. Қарыз беруге қазір банктер те бейіл болып алды. Санаулы банк жарытып бәсекеге де түспейді. Әлгі «бөліп ал да, билей бер» деген міне, осыдан шығады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Банк саласындағы тағы бір өзекті мәселе – барлығы бірнеше банктің қолында шоғырланған. Қазір Қазақстанда 21 банк бар. Бірақ корпоративті секторға несие берумен, яғни экономикалық жобаларды қаржыландырумен бірнеше ірі банк қана айналысады. Сондықтан осы саладағы бәсекені арттыру үшін елімізге шетелден сенімді үш банкті тартқан жөн.
Банктер арасында бәсеке артады
Әзірге нақты қай банк Қазақстан нарығына келетіні белгісіз. Дегенмен Президенттің мәлімдемесі ел тұрғындарын елеңдетіп қойды. Сарапшылар бұл – бекер емес дейді.
Қуанышбек Дүйсенов, экономист:
- Бұл нарық үшін жақсы тенденция деп айтуға болады, оның оң салдары, бірінші – жергілікті нарықта бакнтік қызметтер немеес банктік өнімдер пайда боулы мүмкаін. Екіншіден – тұтынушылардың таңдау еркіндігі көбейеді, яғни тұтынушы үшін банк маңызды болса, нарықта бәсекелестік артса, банк үшін тұтынушы маңызды болады.
Ресми дерекке сүйенсек, елде 1 млн-ға жуық адам несиесінің төлем уақытын үш ай өткізіп алған. Иә, қарыздың күліп келіп, жылап қайтатыны жайында мамандар да ескертіп жатыр. Қалай болғанда да жауапкершілік жүгі өзімізге түседі. Сондықтан несие деп жүріп қолдағы бар несібемізден айырылып қалмайық.
Назерке Тоқжан, «Хабар-24»