I тоқсанда елге $2,5 млрд инвестиция тартылды
Осы жылдың алғашқы тоқсанында елімізге шетелден 2 жарым млрд доллар инвестиция тартылды.
Ұлттық банктің мәліметіне сай, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44%-ке жоғары. Сондай-ақ, Қазақстан тікелей шетелдік инвестиция тарту жөнінен Орталық Азия елдері ішінде көш бастап тұр. Қаржы көбіне отандық мұнай өндіру, сауда-саттық және қаржы секторына құйылып отыр. Тікелей шетелдік инвестициялардың 31,1% Атырау облысына, 30,1% Алматы қаласына тиесілі. Еуропа мен Америка құрама штаттары еліміздің ірі инвесторлары саналады, мәселен, Нидерланд 20,5%, АҚШ 19% үлеске ие. Мамандар сонымен қатар Қазақстанға құйылған әрбір 10-шы доллар Швейцариядан екенін атап өтті.