Кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында бұрын сенімгерлік басқаруға берілген кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару үдерісін жеделдетуді тапсырды.

Кәсіпорын бұған дейін медициналық ұйымдарды құрал-жабдықтармен және техникамен қамтамасыз еткен. Тексере келе, оның қазір басқа мақсатта пайдаланылып жатқаны анықталды.

Кәсіпорын Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына өтеді. Бұл отандық медициналық мекемелерді жаңғыртуға мүмкіндік береді, - деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар отырыста Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының жылу көздерін газбен жабдықтау мәселелері қаралды.