Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығы артады
Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық аясын кеңейте түспек, деп хабарлайды 24KZ.
Өзбек инвесторлары қазақ жерінде жеміс-жидекті өңдеу зауыттарын салуды көздеп отыр. Ал Қазақстан көрші елдің аумағында бидай өңдеу кәсіпорнын салып, ұн экспортын еселеуді жоспарлап отыр. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы қарсаңында бүгін қос елдің үкімет басшылары кездесіп, келіссөз жүргізді. Тараптар сондай-ақ цифрлық трансформация, су шаруашылығы саласындағы кең ауқымды мәселелерді талқылады.
2022 жылдың соңында Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Ташкентте кездесті. Жиында екі ел арасындағы бірлескен жобаларды дамытудың жол картасы қабылданды. Бүгін қос елдің премьер-министрлері әріптестік бағытын тағы бір пысықтап, бірлескен жұмыстардың тізбегін нақтылады.
Қуандық Танабас, тілші:
- Дәл қазір осы залда Қазақстан және Өзбекстан елдерінің үкімет басшылары шағын құрамда кездесу өткізіп жатыр. Атап өтерлігі, қос елдің премьер-министрлері тек қана Еуразиялық үкіметаралық кеңестің аясында емес, Алматыда өтіп жатқан цифрлық форумның шеңберінде кездесіп отыр. Демек бүгінгі жиында цифрлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мәселері қозғалатыны анық. Жалпы Өзбекстан – еліміздің сыртқы сауда саласындағы стратегриялық серіктесіміз. Ендігі мақсат-меже – осы көрсеткішті еселей түсу.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Өзбекстан – Қазақстанның ең басты сауда әріптестерінің бірі. Бұған 2022 жылы өзіміз жоспарлағандай, 5 млрд долларға жеткен тауар айналымының дәлел бола алады. Былтыр өзара сауда айналымы 4 млрд доллардан асты. Біздің алдымызда тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу міндеті тұр. Сондықтан екі елдің үкіметі жүйелі шараларды қабылдауымыз керек.
Жиында екі елдің үкімет басшылары сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттілігіне тоқталды. Жиында сондай-ақ трансшекаралық суларды тиімді пайдалану, цифрлық салада тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Қуандық Танабас, тілші:
- Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы цифрлық форум аясында өткізіліп жатыр. Бұл ретте Өзбекстанның цифрландыру саласында Орта Азиядағы көшбасшы елдердің бірі екенін атап өткен жөн. Көршіміз кейінгі жылдары аграрлық салаға цифрлық технологияларды кеңінен енгізіп жатыр. Әбілқайыр Ғалымұлы екі елдің үкімет басшыларының қатысуымен өткен жиында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз етілді. Жалпы алдағы уақытта Қазақстан мен Өзбекстан қай бағытқа ден қойғаны дұрыс.
Әбілхайыр Тамабек, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Ол жерде Өзбекстан территориясында бидайды терең өңдеу заутын салу, майды рафинация зауытын салу. Өзбекстан тарапы Қазақстанға келіп жеміс-жидекті өңдеу салу, 10 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын салу сияқты бірнеше жобалар болды. Сол жобалар аясында Қазақстан тарапынан Өзбекстандағы бидайды терең өңдеу зауытына, майды терең өңдеу зауытына инвестор табылып, қазіргі таңда өзбек тарапынан жер бөлінуін күтіп отыр. Сонымен қатар жеміс-жидекті Қазақстанда өңдеу зауытына инвестор табылды. Ол Көктал шаруашылығы деп аталады Түркістан облысында. 400 га жуық алма бағы бар. Сол алма бағынан шыққан өнімдерді шырын шығару, тосап жасау керек деген сияқты өңдеу мәселелеріне ден қояйын деп отыр.
Қазақстан өңіраралық және шекаралық ынтымақтастықты дамытуға баса мән береді. Бұл бағытта өңіраралық ынтымақтастық форумы тиімді алаң болмақ. Биыл аталмыш форум Самарқанд қаласында өтеді деп жоспарланған.