Базарлардағы қауіпсіздік күшейтіледі
Елде 700-ден аса сауда орны бар, деп хабарлайды 24KZ.
Алайда соның 460-ы әмбебап. Енді бұл базарларды құрылыс һәм қауіпсізідік талаптарына сай қайта жаңғырту керек. Осыған орай Сауда және интеграция министрі мен Мәжіліс депутаттары қала әкімдерімен онлайн жиын өткізді. Басқосуда базарларды модернизациядан өткізу мерзімі бұған дейін 3 рет шегірілгені айтылды. Соңғы шешімге сәйкес 2025 жылдың соңына дейін барлық сауда орны талапқа сай жаңғыруға тиіс. Арман Шаққалиев бұл соңғы мерзім екенін еске салып, іске парламенттік бақылау жүргізілетінін айтты. Өз кезегінде депутат Болатбек Нәжіметдинұлы әкімдік есептері тыңғылықты тексерілетінін жеткізді.
Болатбек Нәжіметдинұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Әкімдіктіктердің жұмысын, есебін тыңдау: қаншалықты дұрыс жүргізіліп жатыр, қаншалықты мерзімінде жұмыс істей алады? Қай сауда орнын жаңғыртуға болады, қай сауда орындарын жаңғыртуға болмайды? Сол мәселесін шешу туралы жұмыстарды көрсетеді. Яғни, құжаттармен, қаржымен, құрылыс монтаж жұмыстарымен мойнына алу керек.