Қазақстандық шаруалар Қытайға ірі қара терісін экспорттайды

Фото: 24kz фотомұрағаты

Енді қазақстандық шаруалар Қытайға ірі қара терісін экспорттай алады.

Бұған қатысты екі ел арасында келісім жасалды. Қазақстаннан көрші мемлекетке 9 түрлі мал шаруашылығы өнімін шығаруға қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды. Қазір бұл өнімдердің тізімін кеңейту мақсатында ветеринарлық талаптарды келісу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы Қытаймен ауыл шаруашылығы тауарларының айналымы айтарлықтай артқан. Кейінгі 10 айда оның көлемі 941 миллион долларынан асты. Бұл көрсеткіш былтырдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға көп.   

Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Оның ішінде біздің өнімдердің қытай нарығына 600 миллионнан астамы кетіп отыр. Біздікі басым. Импортқа қарағанда экспорт басым бүгінгі таңда. Хаттамаға қол қойылды. Осы мақсатта екі мемлекеттің мекеме арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің белсенді өткізу, нарыққа сату жұмыстары ары қарай да жалғасын табатын болады.