Шағын және орта бизнес өнімдерінің көлемі ұлғайды

Елде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2 млн-нан асты.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары нәтижесінде өнім көлемі 19 пайызға ұлғайып отыр. Экспорттаушыларға 6,3 млрд теңге көлемінде демеу-қаржы берілді. Саланы әртараптандыруға ерекше назар аударылды. Бұл елдің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң аясында биыл мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесі қайта қаралды. Өңірлік маңызы бар актілер талданып, мыңға жуық негізсіз талаптар анықталды. Әкімдіктер оларды жою бойынша жұмыс жүргізуде. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 5 млн теңгеге дейінгі гранттар, сондай-ақ кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау әдісі енгізілді.