СҚО-ға алматылық дәрігерлер көмекке барды

Қазақстан - Ресей медициналық университетінің мамандары су басқан аймақтарға барып, тасқыннан зардап шеккен тұрғындарды қабылдайды.

Пакровка ауылының дәрігерлік амбулаториясында бүгін адам  көп. Оларлы Алматыдан келген Қазақстан - Ресей медициналық университетінің мамандары қабылдайды. Оны естіген көрші ауылдың тұрғындары да кезекте тұр.

Фарида Динасілова, Явленка ауылының тұрғыны:

- Өте керекті дәрігерлер бізде жоқ. Солар ауданымызға тез-тез келіп тұрса. Өзім Явленкадан боламын, мұнда Пакровкаға артынан қуып ізінен келіп тұрмын. Түске дейін бола алмағаннан кейін түстен кейін қанша болса да енді жұмыстан босап, арасында босап уақыт тауып келіп тұрмын.

Жылжымалы кешеннің құрамында кардиолог, хирург, теравпевт, офтальмолог секілді 8 дәрігер бар. Олар Қазақстанның су басқан аймақтарын аралап, тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп жүр.

Александр Вдовцев, Қазақстан-Ресей медициналық университеті жылжымалы медициналық кешенінің үйлестірушісі:

- Көктемгі тасқыннан зардап шеккен адамдардың жағдайына бей – жай қарай алмадық. Бұған дейін Қостанайда болдық. Енді Солтүстік Қазақстан облысына келіп тұрмыз. Осында барлық эвакуациялық пунктерді аралап, тұрғындарды барынша көмек көрсетеміз.

Өтініш білдірген науқастар озық қондырғыларда тексерілді. Дәрігерлер тұрғындарға гуманитарлық көмек те әкеліп таратты. Енді олар Батыс Қазақстан облысына барады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов