Ақтөбеде судан зардап шеккен 140 отбасының шығыны өтелді

Ақтөбеде тасқын судан зардап шеккен 140 отбасының шығыны өтелді.

Жалпы үш жарым мыңнан астам адамнан өтініш түскен. Дені Қарғалы мен Елек өзені бойындағы Алматы ауданы тұрғындары. Ал Астана ауданында 49 арыз тіркелсе, 39 өтініш бойынша материалдық шығын өтелді. Шаһардың ескі бөлігіне қарасты аумақта мобильді топ шығындарды әлі есептеп жатыр.   Бұл жұмыс мамырдың соңына дейін жалғасады.

Ғалым Қобыландин, Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары:

- Ақтөбе қаласы Алматы ауданы бойынша бүгінгі таңда 3400-н бастапқы комиссия барып, су кіргені-кірмегені туралы анықтама жасады. Сол анықтамалардың негізінде тәуелсіз бақылаушы және техкомпаниялар барып, өзінің жұмыстарын атқарып жатыр. 101 үйдің құжатын әзірлеп, яғни қорытындысын шығарып,  соларға төлемдерін жүргізуді бастадық.