Қазақстанда бір жылда ЭЦҚ жиырма млн рет беріледі

Қазақстанда бір жылда электронды цифрлық қолтаңба 20 млн рет беріледі.

Себебі 16-ға толған азаматтардан бастап, зейнеткерлер мұндай қолтаңбаны жылына бірнеше рет ауыстыруы мүмкін. Цифрландыру саласындағы бұл өнім елімізде 2006 жылы енгізілген. Алғашында мемлекеттік органдардың электронды құжат айналымында қолданылды. Араға екі жыл салып электронды үкімет порталы халыққа цифрлық қолтаңба көмегімен алғашқы қызмет түрлерін көрсете бастады.

Электронды цифрлық қолтаңбаны қазір қазақстандықтар жиі пайдаланады. Тиімді әрі ұтымды. Қолтаңба арқылы азаматтар қызметтің қай түрін жиі пайдаланады?

БЛИЦ:

- Қандай жағдайда қолданасыз? Қандай құжат не қызмет түрін рәсімдеген кезде? – Үй оформление, бірнеше не бар ғой тәсілдері.

- Недвижимость алғанда и пенсионные отчисление алғанда. 

- Қажетті деген анықтаманы алу үшін.

- Паролін ауыстырасыз ба?

– Арасында ауыстырам, жылына бір рет.

– Менеджерлер өздері қойып берген бірнеше сан бар ғой? Соны өзіңіз өзгертесіз, ия?

– Өзім өзгерте алмайм мен. Біз возрастта болған соң тек қана ЦОН-ға барып өзгертеміз.

- Халыққа қызмет көрсету орталығында бізде құпия сөзді қояды ғой, соны өзіңіз өзгертесіз бе?

– Өзім, жоқ өзгерткен жоқпын.

Хакерлер электронды қолтаңба кілтін бұзса, жеке не заңды тұлғаның атынан қандай да операция жасап, тіпті дүние-мүлкін иемденіп кетуі мүмкін. Сондықтан құпиясөздің неғұрлым күрделі болғаны дұрыс. Яғни бас әріп, кіші әріп, бірнеше сан мен арнайы белгілерді қойған жөн. Дәл осы электронды қолтаңбаның қауіпсіздігіне қатысты ұлттық ақпараттық технология акционерлік қоғамына күн сайын бірнеше өтініш кеп түседі екен. 

Айрат Хайрулин, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Ашық кілттер инфрақұрылым департаментінің директоры:

- Ия, бізге жеке және заңды тұлғалар тарапынан мұндай өтініштер жиі түседі. Әдетте олар е-өтініш платформасы арқылы бізге жіберіледі. Көбіне тұтынушылар құпиясөзге қатысты сауалдарды жиі жолдайды. Электронды кілтті ұрлаған немесе біреулер заңсыз жолмен иемденген жағдайда хабарласады. Әрбір деректі жеке қарастырған соң, тұтынушыға жауап береміз.

Бақыт Топтаева, тілші:

- 30 сәуірден кейін электронды цифрлық қолтаңба жаңа форматқа ие болды. Бұған Қазақстанның жаңа криптографиялық стандартына ауысуы себеп. Осыған байланысты енді жеке және заңды тұлғаларға электронды цифрлық қолтаңбаның бір ғана кілті беріледі.

Бақыт Топтаева, Өрден Жарқынұлы