Коммуналдық қызметтердің тарифі өсуі мүмкін
Коммуналдық қызметтердің тарифі өсуі мүмкін. Осының есебінен жылу, электр және сумен қамтудың сапасын жақсарту көзделген. Табиғи монополияларды реттеу бойынша халықаралық сарапшы осылай деді.
Асхат Жапсарбайдың айтуынша, әзірге нақты қай өңірде, қандай өзгерістер болары белгісіз. Себебі тиісті Ұлттық жоба енді ғана бекітіліп отыр. Тарифтерді өзгерту туралы шешім қабылдау кезінде әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ескеріліп, тұтынушылармен жария талқылаулар жүргізіледі. Табысы төмен азаматтарды мемлекеттік қолдау шаралары да қарастырылмақ.
Асхат Жапсарбай, табиғи монополияларды реттеу бойынша халықаралық сарапшы:
- Орташа есеппен айтатын болсақ, бұл 2 есе өсуі мүмкін тарифтер. Бірақ бұл орташа айтылған баға. Егер өңір-өңірмен қарайтын болсақ, бір жерде төмендеу, бір жерде керісінше деңгейі өсуі мүмкін. Әлеуметтік жағынан қорғалатын тұтынушыларға мемлекет жағынан үлкен қолдау көрсетіледі. Сондықтан менің ойымша, табысы төмен тұтынушылар, әлеуметтік жағынан қорғалатын тұтынушылар бұл жерде бір ауыр экономикалық қиындықтарды көрмейді деп ойлаймын.