«Қазақстан халқына» қоры құны 240 млрд теңгелік 104 жобаны қаржыландырған

«Қазақстан халқына» қоры үш жылда жалпы сомасы 240 млрд теңге болатын 104 қайырымдылық жобаны қаржыландырған.

Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында Болат Жәмішев мәлімдеді. Басқарма төрағасының айтуынша қор ауылдағы білім деңгейін арттыру саласында 19 жобаны жүзеге асыруда. Бүгінде елде 35 тірек мектеп жарақтандырылды. Биыл тағы 56 мектеп жаңғырмақ. Сондай-ақ қордың бастамасымен әлеуметтік салада 29 жоба, спорт және мәдениет саласында 14 жоба іске асырылуда. Шалғайдағы елді мекендерде 100 спорт залы ашылған. Биыл ауылдық жерлерде ангар үлгісіндегі 40 спорт залын салу көзделіп отыр.

Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасы:

«Қазақстан халқына» қоры бір реттік көмек көрсету үшін ғана емес, ұзақ жылдар бойы назардан тыс қалған жүйелі мәселелерді шешу үшін құрылған. Қор қайырымдылық жобаларының іске асырылуын және қаражаттың жұмсалуын бақылау тетіктерін енгізді. Бұл бізге әрбір теңгенің қолдауды қажет ететіндердің игілігі үшін пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.»