Заң және тәртіп: 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылды
Алматы облысында 8 су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды 24kz.
Себебі сенімгерлік басқаруға берілген бұл нысандар тиісті деңгейде сақталмаған. Облыстық прокуратура басқарушылардың өз міндеттемелерін орындамауына қатысты заңбұзушылықтарды анықтады. Нәтижесінде 8 шарт бұзылып, 20 млрд теңгеден астам соманың мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды. Мүдделі органдар су ресурстарын басқару саласында тексерулерді жалғастыруда.