Қостанай облысында қар құрсауынан 9 адам құтқарылды
Қостанай облысының Қарасу ауданында үш жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды 24kz.
Ішінде 6 жолаушы болған. Ал Қордай ауданында 3 адам мінген көлік жолдан шығып кетіп, қарға батып қалған. Бұдан бөлек, төтеншеліктер тағы 9 адамды эвакуациялап, жылыту бекеттеріне жеткізді. Синоптиктер бірқатар өңірде бұрқасын соғып, көктайғақ болатынын ескертсе де, жолға шығып кететіндердің қарасы азаймай тұр. Сондықтан құзырлы министрлік тұрғындарды төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің 112 бірыңғай нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді.