Целиноград ауданына газ тартылды

Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданына алғаш рет табиғи газ тартылып, үш жарым мыңнан аса тұрғын көгілдір отынмен қамтылды, деп хабарлайды 24kz.

Қазір өңірде газдандыру жұмысы қарқын алған. Әсіресе, елорда маңындағы ауылдарға баса көңіл бөлініп отыр. Мәселен, былтыр «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры құрылысының бірінші кезеңі аясында Аршалы ауданындағы 17 ауылға газ тартылды. Ал, биыл Қосшы қаласы мен Қоянды, Талапкер, Шұбар сияқты халық көп шоғырланған он шақты ауылдарға газ беріледі. Нәтижесінде 130 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынмен қамтылмақ.

Жасқайрат Садықов, облыстық энергетика және түкш басқармасының бөлім басшысы:

- Қазір аймақтағы газдандыру деңгейі 2,9%-ті құрайды. Осы уақытқа дейін 18 елді мекенге көгілдір отын жетті. Биыл Целиноград ауданынында газдандыру бойынша 11 жоба қолға алынды. Оның 10-ы жыл соңына дейін аяқталады. Ал, 2026 жылы Ақмол, Қараөткел және Тайтөбе ауылдарына газ тартылады. Нәтижесінде 29 елді мекенді қамтуды жоспарлап отырмыз.