Шымкентте заңсыз салынған екі қабатты ғимарат сүрілді

Шымкентте құрылысы енді ғана аяқталған тағы бір ғимарат сот шешімімен сүрілді, деп хабарлайды 24kz.

Нысан Адырбеков пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында бой көтерген еді. Жалпы биыл Шымкентте заңсыз салынған осындай 10 бизнес нысаны бұзылады. Оның кейбірінің орналасқан жері Бас жоспарға сәйкес келмесе, енді бірінде құрылыс талабы мүлдем ескерілмепті. Шаһарда заңсыз деп танылған 115 құрылыс нысанының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, былтыр қалада 4 құрылыс нысаны сүрілген еді.

Мерлан Керімжанов, қалалық орта сапасын дамыту басқармасының басшысы:

- Осы нысанға 2024 жылдың тамыз, шілде айларында тексеру жұмыстары жүргізіліп, тиісті айыппұл салып, қыркүйек айында бұзу жөнінде шешім шыққан.

Айнұр Тойшыбекова, мемлекеттік сот орындаушы:

- Қаңсыз құрылыстарды бұзу жұмыстары жасалынып жатыр. Егер де осындай құрылыс жұмыстарын жүргізетін болсаңыздар, алдын ала тиісті мекемемен уәкілетті органдармен құжаттарын бәрін заңдастырып барып, одан кейін жұмыс жасасаңыздар.