Қорғаныс министрі елордалық студенттердің әзірлемелерін жоғары бағалады
Әскери кафедраны әскери билет алатын орын ретінде қабылдауға болмайды. Осылай деген Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов елордалық студенттерге ел әскерінің рөлі маңызды екенін түсіндірді, деп хабарлайды 24kz.
Astana IT University-індегі кездесуде министр кафедралардың базасында дайындық орталықтарын құру қажеттігін айтты. Мұнда болашақ сержанттар мен запастағы офицерлер қарулы күштерге керекті білім алып шығуы тиістігін атап өтті.
Кездесу барысында ведомство басшысы робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы білімгерлердің техникалық әзірлемелерін көріп шықты.
Мұрат Олжабаев, ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:
- ҚР Қорғаныс министрі тағы да басқа сыныптарды аралап, басқа әскери мамандардың дайындықтарымен танысып келешекке осы қордағы офицерлерді дайындауға арналған бірқатар тапсырмалар берілді.