SWAT Challenge: «Сұңқар» арнайы жасағы күміс медаль жеңіп алды

Қазақ жауынгерлері үздіктер қатарында. Дубай төрінде өткен SWAT Challenge әлемдік жарысында Қазақстанның 5 бірдей командасы алғашқы ондықтан көрінді, деп хабарлайды 24kz.

Ал Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» жасағы сайыстың күміс жүлдегері атанды. Елге олжалы қайтқан сарбаздарды Астана әуежайында жақындары мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды.