Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша ең үздік 10 елдің қатарында
Ел азаматтарының 93%-дан астамы бүгінгі таңда eGov порталы арқылы электрондық қызметтерге емін-еркін қол жеткізе алады. Ал мемлекеттік қызметтердің 90,8%-і смартфондар арқылы қолжетімді.
Сонымен қатар былтыр қазақстандықтар QR-кодтар арқылы 23 миллионнан астам құжатқа қол қойған. Мұндай өзгерістер басқа салаларда да байқалып отыр. Мәселен, колледждерде қабылдау бұрын 5 күн болса, цифрландырудың арқасында талапкер небәрі 30 минутта құжаттарын өткізіп, оқуға түскені жайлы ақпар ала алады. «Жалпы жылдың басты жетістіктерінің бірі – мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейінің артуы», – дейді сала мамандары. БҰҰ мәліметтері бойынша Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша әлемдегі үздік 10 елдің қатарына кіріп, 193 елдің ішінде цифрландыру деңгейі бойынша 24-ші орынға ие болды.