Ақтөбе облысында су қоймасының басшысы сотталды

Ақтөбе облысында қарғын су бұзып кеткен су қоймасының басшысы сотталды.

Хромтау аудандық соты «Мағаджан бөгеті дер кезінде суды азайтпағаннан жарылды» деген шешім шығарған. Гидротехникалық нысан он жыл бұрын жеке серіктестікке сенімгерлік басқаруға берілген. Облыстық прокуратура өкілі «жасанды көлді пайдасына жаратып келген кәсіпкер суқоймада суды мейлінше көбірек сақтап қалуға тырысқан» дейді. Алайда бөгеті шыдас бермей жарылып Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдары су астында қалды. Құтқарушылар 215 адамды қауіпсіз жерге көшірді.

- Өркен Ещанов, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі:

Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК 254-бабы бойынша кінәлі деп танылып су шаруашылығы саласында жұмыс істеуше 3 жылға тиым салу мен 2 жыл алты ай мерзімге бас бостандығына шектеу жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.