Қазақстан онлайн-қызмет бойынша топ-10 елдің қатарына кіреді

БҰҰ деректеріне сәйкес, Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша әлемдегі үздік 10 елдің қатарына кіреді.

Ал цифрландыру көрсеткішімен 193 мемлекеттің ішінде 24-орынға тұрақтаған. Сандарды сөйлетсек, қазір халықтың 93%-ы қызметтерді eGov порталы арқылы ала алады. Мемлекеттік қызметтің 90%-ы смартфондар арқылы қолжетімді. Биометриялық сәйкестендіру мен QR-қолтаңбаларының көмегімен бір жыл ішінде отандастарымыз 23 миллионнан астам құжатқа қол қойды. Бизнес-процестерді жеңілдетуге де басымдық берілуде. Былтыр 23 мемлекеттік органда 468 үдеріс оңтайландырылды. Яғни орындалу мерзімі орта есеппен 45%-ке қысқарды. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінде 98 процестің реинжинирингі қызмет көрсету мерзімінің 55%-ке қысқаруына әкелді. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінде бұл көрсеткіш айтарлықтай қысқарды. Жауаптылар заманауи технологияның арқасында бюрократияны жоюды әрі қарай жалғастырмақ. Биыл 44 мемлекеттік қызметтің мерзімін қысқарту, 20 мемлекеттік қызметті проактивті форматқа ауыстыру, сондай-ақ 35 мемлекеттік қызметті трансформациялау жоспарланған. Әр жоба мемлекеттік қызметтердің қолайлы, ашық және қолжетімді болуына бағытталған. Әсіресе білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге басымдық беріліп, оларды ыңғайлы және әділ етеді.

Онлайн-қызметтер индексі – топ-10

Цифрландыру деңгейі – 24 орын 

eGov порталы халықтың 93%-ына қолжетімді

Смартфон арқылы  мемлекеттік қызметтің 90,8%-ы қолжетімді

QR-кодтар арқылы 23 миллионнан астам құжатқа қол қойылды 

Оңтайландырылды – 468 бизнес-үдеріс

Орындалу мерзімі қысқарды – орта есеппен 45%

Ауыл шаруашылығы министрлігі – 55%

Ішкі істер министрлігі  – 55%

Ұлттық экономика министрлігі – 85%  

Биылғы жоспар:

Мерзімін қысқарту – 44 мемлекеттік қызмет

Проактивті форматқа ауыстыру – 20 мемлекеттік қызмет

Трансформациялау – 35 мемлекеттік қызмет