СҚО-да прокурорлар шаңғы тебуден жарысты
Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар арасында шаңғыдан ел біріншілігі өтті, деп хабарлайды 24kz.
Ерлер екі шақырым, әйелдер бір шақырым қашықтыққа еркін жүруден жарысты. Әуесқой спортшылар командалық эстафетадан да сынға түсті. Жалпы шаңғы тебуге өңірлерден 7 команда қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараны елдің Бас прокуратурасы ұйымдастырған.
Сәкен Молдашев, БҚО прокурорының аға көмекшісі:
- Жарысқа біз БҚО-дан келіп отырмыз. Бәрінде бір мақсат – жеңіп, орын алу. Бәріне сәттілік тілейміз. Ауа райы да жақсы бүгін, тамаша. Қар да бар. Бәрі де бар.