Елорданың жастары ұлағатты ұстаздармен кездесті
Онда «Қазақстанның Еңбек ері» атағын иеленген үш мұғалім қонақ болды, деп хабарлайды 24kz.
«Білікті ұстаз – білімді ұрпақ» атты басқосуға Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ауыл» партиясының мүшелері, елордалық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Жиында мұғалім мамандығының мәртебесі, ауылдағы білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. Басқосу соңында елдің үздік ұстаздары педагог мамандығында оқитын студенттерімен өз тәжірибелерін бөлісіп, олардың сұрақтарына жауап берді.