«Қалбатау-Майқапшағай» тас жолының құрылысы биыл аяқталады
Құрылысы 7 жылға созылған «Қалбатау-Майқапшағай» тас жолы биыл толық жөнделіп, қолданысқа беріледі.
Мердігер компания 184 шақырымның 130 шақырымына асфальт төседі. Жылдар бойы жол азабын тартқан Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті аудандарының халқы енді діттеген жеріне қиналмай жетеді-дейді мамандар. Жол құрылысына қажет материалдар мен қаржы жеткілікті. Күн жылынғаннан кейін құрылыс қарқын алады. Мамандар алдағы 2 жылда Абай облысындағы республикалық жолдардың 90 пайызы жөнделетінін айтты.
Айбек Әнуәрбеков, «Қазавтожол» ҰК АҚ Абай облыстық филиалының директоры:
- «Қалбатау - Майқапшағай» жалпы ұзындығы 184 шақырым, 9,5 шақырымы тапсырысқа берілген. 174 шақырымында оның 130 да жаңа асфальтпен төменгі қабатпен көлік қозғалысы ашылған.Енді қазір қалып тұрғаны елу шақырым жол ескі асфальтпен жатыр. Биылға соны толықтай аяқтап абаттандыру жұмыстарымен қолданысқа беру жоспарлануда.