Екі өңірде көлік қозғалысы шектелді
Бүгін Абай облысында, Шығыс Қазақстанда; Қостанай облысында қар жауып сырма жүреді.
Ақтөбе облысында да боран соғуы ықимал. Ал Солтүстік пен орталық Қазақстанда тұман түседі, көктайғақ болады.
Түнде Қызылорда және Ұлытау облыстарында Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды бағытындағы жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Аталған учаскелірде ашу таңғы 9-ға жоспарланды. Жолға шықпас бұрын 1403 байланыс орталығына хабарласып ақпарат алуға болады.