Ардагерлерді ардақтайық: белсенді жастар қарияларға көмектесті

«Ардагерлерді ардақтайық».

Акция аясында еліміздің белсенді жастары  зейнеткерлерлерге қамқорлық көрсетіп жатыр. Соңғы апта аймақтарда қар жауып, тұрғындарды әуреге салса, еріктілер керісінше қарттарға қол ұшын созуға асықты. Игі іске 200-ден астам волонтер қатысып, ардагерлерге жан-жақты қолдау білдірді. Яғни Аманат партиясының “Жастар рухы” жастар қанатының еріктілері қарияларға азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарды жеткізу, қар тазалау, ауланы ретке келтіру, жөндеу жұмыстарына қолғабыс етті. 

Надежда Розова, зейнеткер:

- Қашан да көмек қажет пе деп сұрап отырады. Мен бас тартпаймын. Денсаулығыма байланысты мұндай жұмыстар істеу қиын. Тіпті сыртқа да еркін шыға алмаймын. Сондықтан еріктілерге алғыстан басқа айтарым жоқ.     

Еламан Бақтұрарұлы, ерікті:

- Тек қана ардагерлерімізді 9 мамырда емес жалпы күн сайын қадірлеп, олардың бізге жасаған еңбегін бағалауымыз керек. Бұл акцияның мақсаты жастардың бойындағы патриоттық рухты оятып, Отанға, елге, ардагерлерге деген құрмет көрсету болып табылады.