Алдағы 30 жылда халықтың 30% ғана ауылда қалмақ
Ауыл-аймаққа дәрігер де, басқасы да керек. Көпшілік, әсіресе жастар қалада тұрғысы келеді. Жалпы алдағы 30 жылда халықтың 30%-і ғана ауылда қалуы мүмкін.
Ұлттық экономика министрлігінің бюджеттік тәуекелдер мен қаржының 2056 жылға дейінгі ұзақмерзімді тұрақтылығы жөніндегі талдамалық есебі осылай жоспарланған. Бұл аралықта урбандалу деңгейі 71%-ке жетіп, қала халқы 8,9 миллионнан асады. Ал ауыл-аймақтағы өсім 0,8 миллион адам немесе 11,7% шамасында. Сарапшылар урбандалу әсерінен қалалық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалатын шығындар көбейетінін айтады. Бұл орайда денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызметтерге сұраныс артады.