Көлік полициясы 34 мың жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз етті
ІІМ көлік полициясы департаментінің сақшылары былтыр теміржол және әуе көлігі нысандарында 34 млн азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 352 млн тонна жүктің сақталуына себепші болды. Полиция анықтаған 600-ден астам қылмыстың жартысына жуығы – бөтеннің мүлкін тонау. Қылмыстың ашылуы бір жылда 69,5% өскен. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде жүк ұрлығы бойынша тіркелген қылмыс 44,3%-ке азайды.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары ел аумағында заңсыз бағалы металл саудасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті. Олар мемлекетке 1 млрд теңге шығын келтірген. Экстремизм мен терроризмнің алдын алуға да көліктегі полиция белсенді қатысады. Мәселен, өткен жылы бес мыңға тарта жат ағымның мүшелерін ұстаған. 401 есірткіге қатысты дерек тіркеліп, 241 келіден аса есірткі заты тәркіленді.