ІІМ Көліктегі полиция департаменті семинар өткізді
Көлік полициясы департаменті «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның оқу базасында практикалық оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды 24KZ. Семинарға Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Адилов, Көліктегі ПД басшылығы мен жедел-тергеу қызметтері, сондай-ақ Астана қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Іс-шара барысында тергеу басқармасының қызметкерлері студенттерге практикалық сабақ өткізді. Тергеу бөлімшелері мен анықтау органдары қызметінің маңыздылығы мен қылмыстарды тергеудегі жаңашылдықтар туралы айтылды.
Мәлік Қайбар, ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары:
- ІІМ тапсырмасына сәйкес көліктегі ПД және ҚТЖ АҚ басшыларымен бірлесіп, республика аумағында теміржолдағы қылмыстармен күресіп, қылмыстардың алдын алу мақсатында семинар кеңес өткізілді. Біздің мақсатымыз – қоғам және жас мамандарға ТЖ саласындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Полиция атқарып жатқан жұмысты көрсету.