Шығыс Қазақстанда алаяқтар желісі жойылды

Облыстық Полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік комитетімен және прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук тәркіледі.

Заңсыз іс-әрекеті үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды. Оған қоса Қарағанды қаласында шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-Fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.