Павлодар облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс өршіп тұр
Павлодар облысында кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс өршіп тұр.
Оның ішінде балаларға қатысты жасалған қылмыстар да бар. Осыған орай өңірде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған форум өтті. Онда отбасы, мектеп және мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, сонымен қатар жастармен тәрбие жұмысы бойынша жаңа бағдарламаларды енгізу мәселелері талқыланды.
Сәуле Шәкенева, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл:
- Былтыр жасөспірімдерге қатысты жасалған бірнеше қылмыстық әрекет әшкере болғанын білесіздер. Жыл соңында кәмелетке толмағандардың жыныстық тұтастығына қарсы тіркелген қылмыс қоғамды дүрсілкіндірген болатын. Ең бастысы, балалар басынан кешкен оқиғаларын ашық айта бастады. Бұл осы бағытта жүргізілген жұмыстың нәтижесі.