Ұлытауда отбасылық жанжалдар тыйылмай тұр

Өңірде 1 аптаның ішінде 36 адам жанұясының шырқын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. 

Полицейлер «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасын өткізді. Ішкі істер органдарында есепте тұрған 1700-ден астам адам тексерілді.  Жаңа жылдан бастап облыстық полиция департаменті жанынан отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі құрылды. Тек қана әйелдерден жасақталған бөлімшеде тергеушілермен қатар психолог мамандар қызмет етеді.

Ақмарал  Үсенбаева ПД отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы:

- Бұрын біз тек жәбірленуші хабарласқан жағдайда ғана тіркеп, әрі қарай іс-шаралар өткізетін. Қазіргі таңда өтіп бара жатқан адамдар болса да, естіген адамдар болса да көрші-көлем 102-ге хабарласқан жағдайда мүлдем төзбеушілік дейді ғой тіркеп жатырмыз. Біздің басты мақсат отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырған адамдардың мәселесін түбегейлі шешу.