Былтыр Теміртауда қылмыс 6,5%-ға азайды
Қала бойынша мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген.
Дегенмен, кейбір қылмыс түрінің өскені байқалады. Алаяқтық фактісі азаймай тұр. Былтыр 428 іс қозғалған. Сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды-дейді тәртіп сақшылары. Қалалық прокуратурада полиция қызметкерлері және жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен жиын өтіп, бірлесе атқарылатын жұмыстар пысықталды. «Заң және тәртіп» ұстанымы аясында жоспарланған іс-шаралар туралы айтылды. Қалада тағы қосымша 140 бейнекамера орнатылып, профилактика күшейтілетін болды.
Арман Омаров, қала прокуроры:
- Мынау бейнекамераларды біз орналастырып жатырмыз. Ол жағынан әкімшілк тарапынан көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар полиция қызметкерлері бар, білім бөлімі бар және басқа да мекемелердің басшылары, қызметкерлері мынау қылмыстың алдын алу жұмыстарын іске асырып отыр. Ол ең біріншіден заң талаптарын түсіндіру.